Карьерде көлік аударылды
Кеше «ССКӨБ» акционерлік қоғамының карьерінде жазатайым жағдай болды.
«ПФ АгроГазСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі- мердігерлік ұйымының жүргізушісі «Думпер» автомобилімен тау жынысын тасымалдау кезінде рульге ие бола алмай қалып, 183 метр жиектен 170 метр жиекке құлап, топырақтан жасалған қорғаныс бөгетін бұзды. Көлік аударылып, төменге құлады. Жүргізуші оқиға болған жерде көз жұмды.
Мінаура Қабдырахметова