Қалтаға түскіш ұрыдан сақтан

1374128103_pickpocketing-semey

Қостанай қаласында қалтаға түскіш ұрылардан зардап шеккендер пайда болды. Сондықтан полиция  сауда орындарында және қоғамдық көлікте сақ болу керектігін ескертеді.
ОІІД криминалдық полиция басқармасы аға уәкілетті өкілі полиция майоры Ринат Қабылбековтің айтуынша ұрылар көбінесе әмияндар, телефондар мен басқа да бағалы заттарды ұрлайды. "Жақында біз 32 жастағы қызды ұстадық. Ол караоке-барда бір жігітті биге шақырып, оның қалтасынан әмиянын ұрлап алып, қашып кеткен. Таңертең біз оны қолға түсірдік", – дейді ол.
23 желтоқсанда 34 жастағы  ұры ұсталды. Ол Қостанайдағы Орталық базарда бір әйелдің сөмкесінен 80 мың теңгесі, банк картасы мен құжаттарын ұрлап алған. Осы күні №22 бағыттағы автобуста бір қыздың әмияны мен құжаттары қолды болды. Ұрлаған  22 жастағы жұмыссыз жігіт екені анықталды. "Астықжан" автобус аялдамасында 18 жастағы студент қыздың қалтасынан 60 мың теңгенің ұялы телефонын ұрлаған күдікті ұсталды.
"МАРТ" сауда орталығындағы бір бөлімде спорт заттарын ұрлаған 34 жастағы әйел сатушыларды сан соқтыра жаздады.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓