Жағалаудағы жеңіс думаны
Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығын атап өту шарасы кешкісін Тобыл жағалауында жалғасты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан Тобыл бойына жиналған халықтың қарасы көп-ақ. Қала өнерпаздарының өнерін тамашалаған ағайынның көңілі шат, жүзі әсте жадыраңқы. Жас таланттардың орындауындағы соғыс жылдарындағы әндер үсті-үстіне шырқалып, келушілерді үлкен әсерге бөледі. Жұрттың риза болғаны сондай кейбірі ортаға шығып билеп те алды. Міне көптен күткен сәт те келіп жетті. Көпшілік өзен жағасына мерекелік отшашуды тамашалауға ағылды. Жеңістің мерей тойына арналған бұл тосын сый қала тұрғындарының көңіл-күйін одан сайын жадыратты. Мұны көрген де арманда, көрмегенде арманда.
Айбек Жүзбай