Ұрпағына аманат – азаттықтың арманы

Қазақ деген-батыр халық. Ол еңкейгенде еңкейеді, шалқайғанда шалқаяды. Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкей қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Бұл қасиетті Торғай жері. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті. Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен қайтпас ерлігімен танылды.
Көптен күткен арманымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жангелджиндіктер үшін ерекше тойланды. Себебі басқа мерекелерге қарағанды жылдағыдан көрнекі әрі мәндірек болды. Орталық алаға жиналған аудан тұрғындары Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің монаментіне гүл шоқтарын қойып, ерліктеріне тағзым етіп, рухтарына дұға бағыштап, үнсіздікпен еске алды. Мерекелік шеру ұйымдастырылып, Торғайдан шыққан майдангерлердің бейнесі суреттелді.DSCF5384Артынша мерекелік іс шара дала сахнасында жалғасты. Аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин аудан жұртшылығын 70 жылдық мерейлі мерекемен құттықтап, Отан үшін от кешкен оғыландырдың ерлік істерін паш етіп, жас ұрпаққа насихаттады.DSCF5382
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, соғыс жылдарындағы көріністер бейнеленіп, дала асханасынан дәм татты.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ауыл, ауылдық округтер бойынша 14 киіз үй тігіліп, сырттан келген меймандарға қонақасы берілді.DSCF5417
Аудан сыртындағы “Иппадром” ат жарыс алаңында ұлттық ойынымыз аударыспақ пен ат жарыс және тай жарыс бәйгесі ұйымдастырылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓