Мақтанышпен борышынды өте, сарбаз!

Дәл осындай атаумен аудандық мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті.
Алдымен, мемлекеттік Әнұранымыз асқақтап, одан кейін жиналған жамағатты аудан әкімінің орынбасары Асқар Жақсыбаев құттықтады. Ол қазақстандықар үшін бұл мерекенің маңызды екенін айтып, бейбітшілік пен тұрақтылықты тілге тиек етті.
Сондай-ақ, Асқар Жақанұлы Жеңістің 70-жылдық құрметіне орай ҰОС және ІІМ-нің ардагері А.П.Евтушекоға мерекелік медал мен естелік сыйлық табыстады. DSC_6092Ал Отан қорғаушылар күніне арналған аудан әкімінің мадақтамасымен аудандық қорғаныс істері бөлімінің қызметкерлері П.Н. Мартель, А.О. Сәрсенов және Р.П. Сусалколарды марапаттады.DSC_6099
Салтанатты марапатау рәсімін одан әрі қорғаныс бөлімінің бастығы Қайыржан Атаев жалғастырып,DSC_6116жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде қомақты үлес қосып жүрген оқу мекемлеріндегі АӘД пәнінің бір топ тәлімгерлерін құттықтады.DSC_6118
Сондай-ақ, салтанатты жиын соңында жақында әскери борышын өтеуге аттанатын болашақ сарбаздардың сап түзеп, дәстүр бойынша оларға бұйрық пен тілек хаттар табысталды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓