“Алтын сапа” сыйлығы туралы
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына және 2013 жылы "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік конкурс-көрмесі мен Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысының аумағында тауар өндірумен, қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғалардан өтінім-дерді қабылдаудың басталуы туралы жариялайды.
Конкурс әр түрлі номина-циялар бойынша өтеді, үздік-тері шағын және орта кәсіп-керлік және ірі бизнес өкілдерінен таңдап алынады. "Қа-зақстанның үздік тауары" өңір-лік конкурс-көрмесіне құжаттарды қабылдау 2013 жылғы 15 тамызға дейін, ал Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа 2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін созылады.
Конкурстарға қатысу үшін, ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне өтінімді, белгіленген үлгідегі сауалнама-мағлұмдаманы, 3 данада құ-жаттардың жинақталымын мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Қостанай қ., Гоголь көш., 79 "А", 304 каб. (қатысу үшін қажет құжаттардың тізбесі www.upp.kostanay.gov.kz сайтында орналастырылған).
Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне телефондары арқылы 54-27-03, 50-32-51 немесе Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына 575-251 телефоны арқылы хабарласуға болады.