FortеBank филиалы ашылды
Қостанай қаласында FortеBank-тің филиалы ашылды. Аталмыш банк еліміздегі ең ірі банктердің қатарында. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.
«ФортеБанк» – өз капиталы жағынан еліміздің ең ірі капиталдандырылған банкі, сондай-ақ, өтімділік көрсеткіштері бойынша көшбасшы орында.
Сонымен қатар Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы негізгі серіктесі екенін ескерген жөн. Салтанатты рәсімнен соң облыс әкімі ғимарат ішін аралап, қызмет көрсету түрлерімен танысты және облыс әкімідігі мен «ФортеБанк» өзара меморандумға қол қойды. Келешекте облысқа қарасты бірқатар аудандарда айтулы банктің филиалдары ашылуы ықтимал.
-Сіздердің бастамаларыңыз алдағы уақытта оң нәтижесін береді деп ойлаймын. Облыс экономикасының ілгерлеуіне зор ықпал етіп, халықтың әл-қуатын бірге арттыруға білек сыбана кіріседі деген сенімдемін. Аймақта жетекші орынға ие болып, кеңінен қанат жаюларыңызға тілекшімін,-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.





Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.