Мүгедектер де интернет арқылы жұмыс таба алады

Облыста мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамту мәселесі өз шешімін тауып келеді. Үстіміздегі жылы облыс бойынша жұмыс істеуге ниет білдірген 518 адамның 395-і тұрақты жұмыспен қамтылып, 123-і қоғамдық жұмыстарға тартылған.
жұмыс мүгедек
Сондай-ақ, өңірде жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің мәліметтері орналастырылған арнайы интернет ресурс та іске қосылды. Сондықтан кембағал жандардың да интернет арқылы арнайы сайттардан жұмыс іздеуіне мүмкіндіктері бар. Бүгінде www.invarabota.kz  сайтында 12 жұмыс беруші мен жұмыс іздеу-ші 33 мүгедек жан тіркелген. Олардың дені бухгалтердің көмекшісі, экономист, заңгер, агроном сияқты жұмыстарға сұраныс білдірген. Ал, негізінде вахтер, диспетчер, аула сыпырушы, күзетші тәрізді мамандар аса қажет көрінеді.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓