ҰЛТТЫҚ БАНК БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ
Қазақстан Ұлттық банкі жеңістің 75 жылдығына орай ашық байқау жариялады. Байқауға қатысушылар «Жеңіске 75 жыл» тақырыбында мерейтойлық монета үлгісін жасап, Ұлттық банкке ұсынуы шарт. Басты мақсат – дарынды азаматтарды анықтау және көтермелеу, суретшілерге өз шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беру.
«Конкурстық жұмыстар 2019 жылғы 25 қарашаға дейін қабылданады. Әр автордан бір жұмыстан артық қабылданбайды. Конкурс қорытындысы 2019 жылғы 2 желтоқсанда жария етіледі» – деп хабарлайды Ұлттық банктің облыстық филиалының өкілі Марина Угренинова.
Конкурстық жұмыстар Қазақстан Ұлттық банкінің қолма-қол ақша айналымы департаментіне «Жеңіс монетасын жаса!» белгісімен жіберілуі шарт. Департаменттің мекенжайы: 050040, Алматы қаласы Көктем-3, 21-үй. Сондай-ақ жұмыстарды masheyeva.a@nationalbank.kz электронды поштасына жіберуге болады.
Байқаудың негізгі тәртібі мен талаптары Ұлттық банктің ресми интернет-ресурсындағы «Хабарландыру» бөлімінде орналастырылған.