Отбасы құндылығын сақтау – өз қолымызда
Облыстық "Қостанай таңы" газетінің сәуір айының төртінші жұлдызында Ш.Қоңқабайдың "Нәзік жандарға күш көрсету – қасірет" тақырыбында тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесі туралы жазылған мақалаға орай өз ойыммен бөліспекпін.
Отбасындағы өзара келіспеу-шілік, түсінісбеушілік – өте күр-делі түйткіл. Әрбір адам отбасын шағын мемлекет деген пайымдаумен қарағаны абзал. Халқымыздың ұлттық менталитеті, өмір бойы ұстанып келе жатқан салт-дәстүрі бар екенін ескергеніміз жөн. Отбасының берекесі, ұйытқысы әйел затының қолында. Ана деген ардақты атқа иелік ету, тек қана өмірге бала әкелгендігі үшін емес, жоғарыда айтылған жауапкершілікті абыроймен атқара білгендігінде.
Ақылды жандар арасында түсініспеушіліктен гөрі кешірім-ділік көбірек болса деймін. "Қателеспейтін адам – ақылды емес, қатесін түзей білген адам – ақылды", дегендей, мынадай адам баласының мінез-құлқы шайқал-ған заманда мұсылмандық көзқарастағы имандылық адам баласының өмірге деген сана-сезімін ашары анық. Ал енді, "Нәзік жандарға күш көрсету – қасірет" тақырыбында кемшіліктерді түзеу үшін заң күшін қатайтып, жазалау ғана емес, адамның сана-сезіміне ой салалардай ақыл жасай білсек, шаңырақ шайқалмас еді.
Отбасын құрып жатқандардың ішінде екі ай бұрын танысып, үйленіп жатқандарға не айтарсың? Осыдан 40-50 жыл бұрын танысқан қыздың қолынан ұстау-дың өзіне бір жүректілік керек болатын. Бірін-бірі толық танымай түсінбей жатып, екі айдың ішінде үйленіп үй болып жатады. Асығыс қабылдаған шешімдердің нәтижесі отбасындағы теріс айналушылықтарға әкеліп соқтыратынын неге деуге болады?
Ертеде бірін-бірі танымай да атастырып, отау көтеріп әрі қа-рай бақытты жанұя мүшелері болып кете берген. Ол заманның бұл заманнан айырмашылығы жүректің имандылығында. Әлем-дік статистикада қазіргіше сүйіп-күйіп қосылғандардан, атастырып отбасын құрғандар арасында ажырасу аз болады деген деректер бар. Осы тәрізді салт-дәстүр Жапон халықтарында да бар екен.
"Абзалында анық басып, асықпаған тайғанақтамай тік жүреді". "Бағалай білмегенге – бақ тұрақтамайды, қуана білмегенге – құт-береке дарымайды" дегендей, азғантай ғұмырдың азабынан қызығы мол болса екен демекпін.
Өмірзақ БЕКОВ,
зейнеткер.
Қазақстан ауылы.