Жылына 100 тонна көкөніс өндіреді
Осыдан үш жыл бұрын Қостанай ауданының Садовая селосында жылыжай кешені іске қосылған еді. Жылына 100 тонна көкөніс өнімдерін өндіруде. Қазір мұнда 2 мың шаршы метр аумақта екі жылыжай кешені салынды. Жылыжайда қызанақ, қияр тәрізді көкөніс өнімдері корей технологиясы бойынша өсірілуде. «Біз қазір осы технология бойынша түрлі тәсілдерді қолданып жатырмыз. Бір шаршы метр жерге екен өнімнен 3-4 келілік көкөніс алып жатырмыз. Алдағы уақытта мол өнім алуды жоспарлап отырмыз», дейді жылыжай агрономы Алексей Стоякин.
Шұға Қоңқабаева