Әулиекөлде жаңа жоба іске қосылмақ

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов іссапармен Әулиекөл ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады.
Алдымен аймақ басшысы Новонежин селолық округіндегі “ИНСПЭК” ЖШС егін сақтау қоймасында болды. Аталмыш серіктестіктің негізгі қызметі – астық өндіру, оны жарату. “Биылғы егіннің сапасы жақсы” дейді мұндағылар. Бірақ егісті сақтау бойынша бірқатар мәселелер шығып тұр. Жиған бидайды тапсыра алмай отырған шаруа қожалықтары бар. Бұл мәселе облыс әкімінің араласуымен шешімін таппақ.

аким1

Жергілікті кәсіпкер Л. Храмова бірнеше жылдан бері өз ісін дамытып келеді. Бүгінде кәсіпкер дүкен, тамақтанатын орын, көлік жөндеу және жуу орталығын ашқан. Көлік жуатын орын бір ай бұрын ғана іске қосылса да, беталысы жаман емес. Мұнда жұмыскерлер екі ауысымда жұмыс істейді. 12 адамды жұмыспен қамтыған. Республикалық жол бойында орналасқаны тиімділігін көрсеткен. Кәсіпкердің әлі де жоспары көп. Қонақ үй ашу ойында бар. Бірнеше жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келсе де мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдіктерді пайдаланбаған екен. Осыған орай облыс әкімі келешекте “Бизнестің жол картасы” бағдарламасына, өзге де мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы қажет екенін ескертті. Себебі, бұл бағдарламалардың пайдасы көп. Халыққа жағдай жасап, жұмыс орнын ашып отырған кәсіпкерлер қолдауға лайық. Кәсіпкер ендігі жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан ұсынылған көмекке жүгінуді ойлауда.  

аким2

Құшмырын жылуэнергетикалық компаниясында былтырғы жылы жаңа қазандық салынған. Оның алдында 60-шы жылдары салынған қазандық көп қиындық туғызған. Қазір бір қазандық жұмыс істеп тұр. Қыстың аязды күндері екеуі іске қосылады. Облыс әкімі ең бастысы жақсы қызмет көрсетіп салынған жаңа қазандықты күтіп ұстау қажеттігін айтты.аким3
Аталмыш кентте бірнеше жылдан бері вагон жөндеу депосы іске асып келеді. Бірақ жоба биылғы жылдың желтоқсан айында ғана қолданысқа берілмек. Жоба құны 1 млрд. 200 млн. теңге. Қазіргі кезде жұмыскерлер іске кіріскен. Самара, Омск қалаларынан келген мамандар құрылғыны іске қосуда. Жоба жүзеге асатын болса жыл сайын 7 мың вагон жөнделетін болады. Бұл, әрине, жаңа жұмыс орындарын ашпақ. Әзірге 238 адам жұмысқа тартылады деп жоспарлануда. Қазір бірнеше цех әзір. Аймақ басшысы осындай жұмыс орындары Арқалық қаласына керек екенін ескертті. Оларда темір жол бар. Сондықтан Арқалыққа темір жолға қатысты жаңа жобалар қажет.

аким4

 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓