Жұмысшы жастар қайда?

Қостанай облысында жалпы халықтың 26,6%-ын жастар құрайды. Яғни, өңірімізде 230 мың жас бар. Соның ішінде 104 мыңнан астамы белсенді еңбек етуде. Статистика көрсеткен басқа  жастар немен айналысуда? Кейінгі толқынның облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлесі қандай? Осы мәселе туралы дүйсенбілік дәстүрлі аппарат мәжілісінде айтылған болатын.
Ауылга-бар-жас-маманАуылда білікті маман тапшы. Дипломы бар жастар шалғайдағы елді мекендерге барудан ат-тонын ала қашады дейміз. Алайда, облысымыздағы білімді жастар ауылға барудан көш бастап тұр. "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасының қатысушысы бойынша Қостанай облысы республикада үшінші орында. Бұл туралы об-лыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Тимур Шөкенов айтты. Мемлекеттік бағдарлама бастау алған 2009 жылдан бері өңірдегі 3027 маман ауылға аттанған. Оларды баспанамен қамту және көтерме жалақы беру сынды жеңілдіктер үшін 2 млрд.371 млн.теңге иге-рілді. "Дипломмен –  ауылға!" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ақпараттық-насихат тобы құрылды. Жас толқынды жұмыспен қамтуда "Жасыл Ел" бағдарламасы да қолдау болып отыр. Биылдың өзінде "Жасыл Елдің" бастамасымен тоғыз еңбек бригадасы құрылып, бес жүз жас жұмыспен қамтылды. Десек те, жастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру аздық етеді. Облыс әкімі айтқандай, ең бастысы дипломмен ауылда жұмыс істеп жатқан маманды қамқорлыққа алу керек. Сондай-ақ елді мекендерде қандай мамандық тапшы екендігін жіті қадағалап, талдау жүргізген жөн. Осы мәселені өңір басшысы қадап тапсырды.
– Ауылда күрмеулі мәселелер жеткілікті. Ветеринар, зоотехник, агроном сияқты мамандардың тапшы екені де ақиқат. Қай салада болмасын білікті, білімді жұмысшы жастардың жетіспей жатқаны байқалады. Мәселен, қазіргі орақ науқанында екінші ауысымға механизаторлар жетпей жатыр. Орта кәсіби оқу орындарының осындай қиын сәтте мамандарды астық алқаптарына жіберуіне мүмкіндік-тері бар. Жас мамандар ауылшаруашылығы саласына қосымша күш ретінде көмектесер еді. Бір жағынан еңбекке араласып, ақша табады,–деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.   
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓