Бұл кезең де өтпелі
Пандемияға байланысты шектеу шаралары халқымыздың күнделікті өміріне елеулі әсер етті. Ересектердің ғана емес, балалардың да психологиясына кері әсер етті. Қазір білім ұялары қашықтан оқуға көшті. Күні бойы балалардың төрт қабырғаға телміріп отыруы әбден зеріктірді. Ата-аналардың кейбірі жұмыста. Баланың оқуын қадағалау барлық ата-анаға мүмкін болмай тұр.
Осы кезеңде жасөспірімдерге және оның ата-аналарына психологиялық көмек көрсету аса маңызды. Сондай-ақ балалармен коронавирус туралы қалай сөйлесу қажет және шектеу кезінде үйдегі отбасы мүшелерімен қандай қарым-қатынас орнату керек, бұл да өзекті дүние.
Үрей кезінде, ашуланған кезде, қатты қысылған кезде, қобалжыған кезде, шаршаған кезде не болмаса жаман ойлардан арылу үшін қысқа да нұсқа жаттығулар бар. Соны кез-келгеніміз үйде отырып жасауымызға болады.. ір жерде отырып қалғаннан кейін адамның күнделікті өмірі біркелкі өтіп жатқан тәрізді болуы мүмкін. Өйткені тығырыққа тіреліп, іштей тоқырауға ұшырағандай көрінеді. Ал маманның кәсіби тілмен түсіндіргені, кәсіби тілмен жеткізгені сіздің жаныңызға жай таптырып, ары қарай сіздің өмір сүруге белсенділігіңізді арттыруы әбден мүмкінМен мектептің психологы ретінде айтарым, б
Коронавирус инфекциясының бір жастан он тоғыз жасқа дейінгі дені сау адамның оны жұқтыру қаупі төмен екенін түсініңіз. Ал егер осы жас аралығындағылар жұқтырып алған жағдайда, ол өте жеңіл түрде өтеді. Бірақ осыған қарамастан, жұқтыру қаупін төмендету үшін барлық сақтық шараларын ұстану қажет. Ол үшін қолды жиі сабындап жуып, иммунитетті көтеру керек. Ағзаны бірқалыпты ұстаудың ең тиімді тәсілдері – ұйқысы қанық (7,5 сағаттан кем емес), дұрыс әрі пайдалы тамақтану, дене жүктемелері және күн тәртібін сақтау. Өзін-өзі оқшаулау режимін не үшін сақтау керектігін түсіну маңызды. Оқушыға тек осылай ғана бірлесе отырып елімізде коронавирус инфекциясының таралуын тоқтата алатынымызды ескертіңіз.
Ал жағымсыз жаңалықтарды жүрегіне жақын қабылдайтын адамдарға ақпарат ағынын барынша азайтуға кеңес беремін. Оның есесіне ән тыңдап, физикалық жаттығулар жасаңыз немесе туғандарыңызбен жиі сөйлесіп тұрыңыз. Және ең бастысы, бұл кезеңнің де өтпелі екенін ескергеніңіз жөн.
Динара СЫЗДЫҚОВА,
Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясының психологы.