Сарыкөлдіктердің 99,4%-ы дауыс берді

Бүгінгі басты саяси науқан – ҚР Президентін сайлау күні Cарыкөл ауданында түстен кейін де қыза түсті. Сарыкөлдікер сайлауға сақадай-сай келгендіктерін дауыс беру белсенділіктерімен байқатты.IMG_8244
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Асқаровтың айтуынша, бүгінгі сайлауда ешқандай да заңбұзушылық болған жоқ. Себебі, сайлаудың ашық әрі демократия талаптарына сай өтуі үшін қажетті мүмкіндіктердің барлығы қарастырылған. IMG_8180Сондай-ақ, оның жариялаған соңғы мәліметі бойынша сарыкөлдік сайлаушылардың 99,4 %-ы дауыс берген. Яғни, ол тіркелген 15062 адамның 14972-сі деген сөз.IMG_8416
Осы орайда тағы бір тілге тиек етерлік жәйт, Сарыкөлдегі сайлауды Ресей мен Белгиядан келген бақылаушылар да қадағалады.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓