Халықтың бірлігі, болашаққа сенімі

Ел өміріндегі аса маңызды шара: 26 сәуір – ҚР Президентін сайлау күніне арқалықтықтар да өз үлестерін қосуда.
Жалпы, Арқалық өңірі бойынша 32 сайлау учаскесі есепте. Оның 13-і қалада, 19-ы ауылдық мекендерде. Сайлауға барлығы 22720 адам (15935 қала, 6785 ауыл) қатысады деп күтілген. 2761 сайлаушы тұңғыш рет дауыс бермек.аркл
– Сайлау учаскелері талапқа сай жабдықталған. Сайлау процестері талапқа сай жүруде. Сайлаушылардың жол қатынасы да ескерілді. "Ақбидай", "Нефтебаза" поселкелерінің сайлаушыларына №№ 100, 106 сайлау учаскелеріне баруларына мүмкіндік жасалды. Сондай – ақ, Северный поселкесі мен №6 мөлтекаудандағы №№80,104 сайлау учаскелеріне де арнайы автобустар шығарылып отыр, – дейді Арқалық қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Кубеков.
Ғалия Рахметова, бақылаушы: – №105 сайлау учаскесінде де таңертеңгі сағат 7:00 – де еліміздің Әнұраны ойнағаннан кейін, сайлау шаралары басталып кетті.арк
Сайлаушылардың белсенділіктері жақсы. Сайлау учаскесінде халықтың өз таңдауын жасауына мүмкіншілік жасалған.
Асылбек Дауылбаев, сайлаушы: – Конституциялық құқымды пайдаланып, Елбасы сайлауына дауысымды бердім. Елдің келешегі Елбасына дұрыс таңдау жасауымызға тікелей байланысты. Сайлауға қатысуымды өзімнің ел болашағына қосқан азаматтық үлесім деп білемін.
Айдана Ташмағанбетова, сайлаушы: – Бұл менің алғаш рет дауыс беруім. Бүгінгі дұрыс таңдауымыз, ертеңгі жарқын өміріміздің кепіліне айналмақ. Осындай маңызды шараға қатысып, өз таңдауымды жасап, жатқаныма зор қуаныштымын.
Елбасын сайлау ел ертеңіне деген зор сенімділік. ҚР Президентін сайлауы күні Арқалық қаласындағы сайлау учаскелерінде де күні бойы сайлаушылардың қатары үзілген жоқ.DSCF9395
Тұрған Хайруллин, сайлаушы: – Әлем таныған еліміздің одан әрі өркендеуі үшін өз даусымды бердім. Бұл менің балаларым мен немере шөберелерімнің ертеңгі болашағына деген оң қадамым. Сайлауға қатысып, үлкен іс тындырғаныма мақтанып тұрмын.
Дариға Смағанбетова, сайлаушы: – Көршілерімізбен бірге сайлау учаскесіне барып, сайлауға қатысып келдік. Автобус шығарып, қарт кісілерге құрмет көрсеткендеріне рахмет.
Болат Әбдібеков, №108 сайлау учаскесінің төрағасы: – Сайлау бірдемде өтті. Біздің сайлау учаскесі өңірлік ауруханада орналасқандықтан жабық учаске саналады. Сайлау жасындағы 77 емделуші түгелдей дерлік дауыстарын берді.
Ел өміріндегі маңызды күннің құрметіне орталық "Наурыз" алаңында қалалық мәдениет сарайының күшімен концерт ұйымдастырылып, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мұрындық болуымен сауда – саттық жәрмеңкесі өткізілуде.
Сайлаушылардың дауыс үлесі: сағат 8:00 – де 3113 (13,7%), 10:00 – де 7975 (35%), 14:00 – де 19698 (86,4%) дауысты құрады.
 
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓