Өңірде сайлаушылардың 91% астамы дауыс берді
Бұл сағат 18.00-ге келіп жеткен мәлімет. Осы ақпаратпен облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова бөлісіп отыр.
– Кешкі сағат 18.00 бойынша өңірдің аудан-қалаларынан жалпы сайлаушылардың 91% астамы дауыс бергені жөнінде мәлімет алдық. Бұл 495 мыңдай адам. Ал оннан астам аудандарда азаматтардың дауыс беру көрсеткіші 98% асып кетті, – деді ол.