АУЫЛДЫҚТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІГІ ҚУАНТАДЫ

Таран ауданындағы Елизаветинка ауылының жұртшылығы өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскесіне таңғы жетіден бастап ағылды. Ауылдықтар үшін бұл күн нағыз мерекеге айналғандай. Себебі, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысып, дауыс беру – жарқын болашаққа жасалған маңызды қадам екендігін халық жақсы түсінеді.
Набережный орта мектебінің «Алтын белгіге» үміткер биылғы түлегі Айдана Қожамбетова 21-сәуірде 18 жасқа толып, өміріндегі ең алғашқы сайлауға қатысып отыр. Учаскенің өкілдері оны кәмелетке толған күнімен құттықтап, гүл шоғын ұсынуда.IMG_6625
-Ел Президенттігіне үміткерлерге дауыс беру – азаматтық борышым. Жастар бұл науқанға немқұрайлы қарамай, жауапкершілік танытатынына сенімдімін, – дейді Айдана.
№739 сайлау учаскесінің төрағасы Олжас Шалекеевтың айтуынша, мыңға тарта тұрғыны бар елді мекенде 651 сайлаушы тіркелген. Ауылдықтардың белсенділігі қуантады. Алғашқы үш сағатта-ақ сайлаушылардың жартысына жуығы келіп, өз таңдауларын жасады.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓