113 жасар кейуана дауыс берді

Бүгін еліміздегі ең ұзақ жасап отырған тұрғындардың бірі, жерлесіміз Марпуға Селтеткенова алдағы президенттікке үміткерге таңдау жасады. Қостанай қаласындағы №46 сайлау учаскесіне бекітілген қарт әжей өздігінен жүре алмайтындықтан, сайлау учаскесінің мүшелері Нұргүл Нұғыманова, Арман Досымов, бақылаушылар бар кейуананың үйіне барды. 10 бала көтерген кейуана қазір солардан немере, шөбере, шөпшегі бар, он шақты немене көріп отыр.
Еліміздің сайлау туралы заңына сәйкес өздігінен жүре алмайтын – сырқат, қарт азаматтар үшін осындай қолайлы жағдай жасалған. IMG_3022цЖүріп-тұруы қиын адамдардың баспанасына комиссия мүшелері құлыптаулы, мөрленген сайлау жәшіктері мен бланкілерді апарады. Сол жерде тұрғындар президенттікке сайланушы үміткердің аты-жөнін белгілеп, жәшікке салады. Қазір облысымызда 6 мыңға жуық адам сайлау учаскесіне өздігінен бара алмайды екен. Ал қаладағы №46 сайлау учаскесіне 21 адам үйінен отырып дауыс береді.IMG_3046ы
Сайлау учаскесінің өкілдері кейуанаға өзі таңдаған үміткерді белгілеуін сұрап еді, қарт ана кандидаттың орнын түртіп, қағазды жәшікке салды. Және барша азаматтарды сайлауға белсенді қатысып, еліміздің болашағы үшін дауыс беруге шақырды. Халқымызға тыныштық, тұрақтылық, татулық тілеп, батасын берді.
– Анам бұрынғы жылдары сайлау учаскесіне өз аяғымен барып, дауыс беріп жүретін. Соңғы жылдары, әсіресе, бұның алдындағы президент сайлауы мен бүгінгі науқанға бара алмады. Дегенмен сайлау комиссиясының мүшелері алдын ала келетіндерін айтты. Осыншама жасқа келсе де, саяси науқаннан қалмай, бір адамдай дауыс беріп отырған анамыздың мұндай жауаптытылығы кейінгі жастарға үлгі болмақ, – деді кейуананың қызы Жібек Құрманова.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓