Облыста сайлаушылардың 25% дауыс берді
Бұл мәлімет саяси науқанның алғашқы 3 сағатында шығарылған қорытынды. Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова осылай деді. Айта кетейік, қазір өңірдегі сайлаушылардың жалпы саны – 541845 адам. Алайда бұл нақты сан емес. Бүгінгі саяси науқан барысында көрсеткіштер өзгеріп отырады.
Антонина Маркова сондай-ақ, сайлаудың алғашқы 3 сағатында заң бұзушылықтың болмағанын жеткізді.
– Дегенмен бүгін Қостанай ауданының бір тұрғынынан шағым түсті. 50 жыл Затобол кентінде тұрып, саями науқанға үзбей қатысып келе жатқан азамат өзі бекітілген сайлау учаскесінде не көңіл көтеретін ән-музыка, не шөл басуға сусын алатын буфеттің жоқтығын айтты. Осы жөнінде аудан басшылығымен хабарласып отырмын, – деді А.Маркова.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ