Туған күні сайлаумен тұспа-тұс келді

Қостанай қаласының сайлау учаскелеріне келушілердің бірі Арман Медеев. Дауыс беруге келген оған ерекше құрмет. Өйткені бүгін Арманның туған күні. ҚӘТУ орналасқан №35 сайлау учаскесінің қызметкерлері оны қарсы алып, кезекте көп күттірмей дауыс беру парағын ұсынды. Өз таңдауын жасап шыққан туған күн иесіне тәтті сыйлық бір қорап шоколад  берілді.20150425214022
            – Мен үшін бүгін қос мереке десек те болады. Бұл күн мен үшін маңызды және елім үшін де маңызды. Сайлау учаскесінде мұндай құрмет көрсетіледі деп ойлаған жоқпын. Әрине өте қуаныштымын.  – дейді Арман.
            Арман сайлау учаскесіне жұбайымен және екі баласымен келіпті. Балаларды балғын кезінен бастап отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Сондықтан сайлау учаскесіне алып келіп, дауыс беру арқылы мемлекетіміздің болашағы шешілетінін көрсеткім келді.  Әр дауыстың маңыздылығын түсіндірдім дейді туған күн иесін.  
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓