Никитенко “Тобыл” тізгінін ұстады

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Владимир Никитенко қостанайлық «Тобыл» тізгінін ұстады. nikitenko«Біз жыл ортасынан бері Владимир Никитенкомен келіссөздер жүргізіп келдік. Бастапқыда Қазақстан Футбол Федерациясы бұл маманды бізге жібергісі келмеді. Себебі ол 2017 жылдың қаңтар айынан еліміздің жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарады. Енді екі тараппен келісіліп, білікті маман «Тобылды» жаттықтыратын болып шешілді. Әрине, Никитенконың Қазақстан чемпионатындағы тәжірибесі мол. Сондықтан жүлделі орындардан көрінеміз деген үміт бар», – деді клуб директоры Николай Панин. Владимир Никитенко «Тобылмен» 2018 жылдың қыркүйек айына дейін келісімшартқа отырды. Ол ҚР жастар құрамасын да қатар дайындайтын болды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓