Минасянның мәселесі шешілді
«Тобыл» футбол клубы команданың бұрынғы Бас бапкері Вардан Минасянмен арадағы келісім-шартқа сәйкес екі жақтың мәмілеге келгенін хабарлады. В.Минасянмен бірге оның көмекшісі Рафаэл Назарян және Карлен Мкртчян да командадан кетті.
Естеріңізде болса, «Ақтөбеден» жеңілгеннен кейін бас бапкер жұмысынан босатылған еді. Содан бері бір апта ішінде клуб заңгерлері екі жақты келісім-шартты бұзу туралы келіссөз жүргізген болатын.
-Біз келісім-шартты екі жақтың ықтиярымен шештік,-деді бұл туралы «Тобыл» клубының директоры Талғат Баймұратов,-Барлық заң аясындағы мәселелер қарастырылды. Әзірге Бас бапкердің міндетін Сергей Масленов атқарады. Ол қазір командамен бірге келесі матчқа әзірленуде.
Ал командаға жаңа бас бапкер тағайындау жөнінде әзірге ешқандай ресми мәлімет жоқ.
Айбек КӘДІРҰЛЫ