Акцияға үлес қос!

Табиғаттың тосын мінезіне тап болып, су апатынан зардап шеккен Қарағанды облысындағы жұртшылық жағдайы бүгінде баршамызға мәлім. Туралап келген апаттан тұралап қалған қарағандылықтарға қол ұшын созып, жәрдемдесіп жатқандар аз емес. Осы орайда Рудный қаласының еріктілері де қатардан қалмай, азық-түлік, киім-кешек пен тұрмысқа қажетті заттарды «Весна» дүкені мен «Аленушка» жатақханасына жинай бастады. 333Алғаш рет «Одноклассники» әлеуметтік желісінде пайда болған қайырымдылық акциясы туралы хабарлама көп ұзамай қала жұртшылығыне тегіс таралды. Тұрғындар белсенділік танытып, қолдағы барын апаттан зардап шеккен отандастарына жеткізуге асығуда. 33Бүгінде 300-ден астам зат салынған сөмке мен 130 мың теңге ақша жиналды. Оның бір бөлігі Қарағандыға жол-жөнекей бара жатқан Сергей Маслов атты азаматтың газелімен жөнелтілді. Енді еріктілер қалған заттарды жеткізу үшін көлік іздестіріп жатыр. Акция жалғасуд
Егер Сіз де қайырымдылық акциясына қатысып, табиғаттың тосын құбылысынан жапа шеккен қарағандылықтарға қол ұшын бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласып: 8-705-506-70-40 (Сергей), 8-777-767-27-21 (Анна) немесе жоғарыда айтылған қабылдау пунктілеріне баруларыңызға болады.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ 
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓