«Өрлеу» – жаңашылдық ордасы

Қазіргі қоғамның ұстазға артар жүгі зор. Себебі мұғалім, ұлы ағартушымыз Ы.Алтынсарин айтқандай, ең алдымен, мектептің жүрегі, баланың тәрбиешісі һәм қазіргі уақытта жаңалықтың үлгісін көрсететін адам. Ал жаңашыл идеялар мен мақсат-міндеттерді қоя білуді үйрететін орындардың бірі – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы. Қазіргі жаңашылдықтар туралы осы мекеменің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Марионелла Слесарь айтып берді.
-Әрине, біздің институт соңғы он жыл ішінде үлкен жолға түсті. 2012 жылы елімізде бірінші, екінші, үшінші деңгейлі курстарды өткізу қолға алына бастады. Алғаш рет «жаттықтырушы» деген ұғым пайда болды. Сонымен қатар, Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы қайта құрылып, ол «Өрлеу» деп аталды. Республиканың біліктілігін арттыру жүйесінде жаңарту жүргізілді әрі жаңғыртылды. Бұдан соң негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енді. Біздің алып жүрген жалақымыз бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өсті. Қазір біздің бағытымыз да өзгерді, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік алдық. Бұл үлкен жұмыс. Біз барлық педагогтерді біліктілігін арттыруға күш салдық. Жаңарту бойынша ұстаздардың білімдерін жетілдірдік, пәндік курстарды өткізуді қолға алдық. Екі тілде 120-дан астам бағдарлама әзірленді. Әр пән бойынша курстар жүргізіледі. Сонымен қатар, өзекті тақырыптар бойынша мұғалімдердің барлық санаттарына арналған курстар бар. Жыл сайын оқу бағдарламаларын жаңартып отырамыз. Олардың барлығы бізде Министрлік арқылы  сараптамадан өтеді, – дейді М.Слесарь.
Институтта он жыл ішінде көп нәрсе өзгерген. Курстардың мазмұны мен тәсілдеріне қатысты айтарлықтай жаңашылдықтар бар. Қазір дәрістер, семинарлар жоқ. Барлық сабақтар интерактивті түрде өтеді. Бұл нені білдіреді? Мұғалім тыңдаушылармен бірлесіп жұмыс істейді деген сөз. Өткен жылдан бастап өз бағдарламаларын жаңа тәсілмен әзірлеуді бастаған мекеме сабақтарды 4 С форматында өткізуде. Сандық оқыту IT технологиялары, әдетте курстың бөлігі ретінде қаралады.
-Биылдан бастап Оқу-ағарту министрі бізге педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмысты күшейтуге тапсырма берді. Бұл дегеніміз дайындықты күшейту үшін құқықтық білім күнін ұйымдастыруды шештік. Ол үшін біз ауылдық, аудандық мектептерді аралаймыз. Мұғалім немесе ата-ана бізге хабарласып, кез келген сұрақ жолдай алады. Онда мектепті, педагогті аттестаттау, құжаттарды толтыру, еңбекақы төлеу, жүктеме мәселелері бар. Сонымен қатар, көршілес мемлекеттердің институттарымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Біздің ұстаздар Ресейдің Омбы қаласына барып, тәжірбие алмасты, – дейді институт басшысы.
Мұнда өткен жылдан бастап эксперимент ретінде «Lesson Study» деп аталатын  мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы  ынтымақтастық тәсілі қолға алынды. Бірнеше цикл қамтылған жаңашылдықтың басында «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» тәсілдері тұр.
«Lesson Study» немесе «action research» зерттеулері курсы аясында мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді зерттеп, маршруттық парақ әзірленеді. Ол мұғалімнің алған білімімен қалай жұмыс істейтінін, оның қандай қиындықтары бар екенін қадағалайды. Курс аясында сабақтың қалай жұмыс істейтіні туралы зерттеулер жасалады. Қарым-қатынас форумдары құрылады және оқытушыларға кеңес берудің жеке тәсілі қолданылады. Ашық сабақтар өткізіледі.
-Біз қазір бірнеше мектептермен жұмыс істей бастадық. Олар – біліктілікті арттыру курстарынан өткен Қостанай ауданындағы Жданов мектебі мен Озерный негізгі мектебі. Жұмыстаымызды аталған білім ордаларымен бірлесіп жүзеге асыратын боламыз. Бұл – мұғалімдерді «Lesson Study» педагогикалық тәсілін енгізуге үйрету. Біз қазірдің өзінде алғашқы дәрістер өткізіліп, сабақтар жүргізілуде, – дейді М.Слесарь.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓