Сот алдында аналарын қорғап қалды

Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотымен ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық іс қаралды.
Жітіқара ауданның білім беру бөлімі азаматша Ж-ны оның кәмелетке толмаған төрт баласына қатысты ата-аңалық құқығынан айыру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.
Кезінде оның анасы ата-аналық құқығынан айырылған екен. Осыдан аты аталған азаматша балалар үйінде тәрбиеленген.60aee5f353af803674289e607c7eb659_XL
Азаматша Ж. отбасылық жағдайы жаман емес. Балалардың әкесі үлгі тұтарлық отағасы. Ішімдікке әуес емес, жұмысы да бар. Балалардың оқуы жақсы, спортпен айналысады.  Тек үйдің ұйытқысы болар әйел ішімдіктен бас тарта алмайды екен. Тіпті мас күйінде заң бұзып, 9 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 
Сот отырысында әйел өзін ақтауға тырысты. Балалық шағында өзінің бақытты отбасын құруды армандағанын айтты. Өз балаларының оның тағдырын қайталап, балалар үйінде балалық шақтарын өткізгенін қаламаймын деп ағынан жарылды.  Сотта дұрыс жолға түсіп, ішімдіктен арылып, қамқоршы ана болуғы тырысам деп уәде берді.
Сот азаматшаның ата-аналық құқығын шектеуге, оған дұрысталуға мүмкіндік беруді шешті. Мұндай үкім шығаруға жасжеткіншектердің отырысында аналарын ата-аналық құқығынан айырмауын сұрап, ішімдікке әуестігінен айырлуына көмектесеміз деген өтініштері септігін тигізді.  
Енді алты ай ішінде Ж. өзінің ата-аналық құқығынан шектеуге негіз болған жағдайларды жоймаса, онда Қамқоршы және қорғау бойынша мекеме сотқа оның ата-аналық құқығынан айыру туралы арызбен жүгінуге міндетті.
 
Махаббат Бекбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓