Өнер адамға табиғатынан дариды

Ал дарынды баланың талантын ұштап, бүгінгі жетістікке әкелген де №3 мектептің музыка пәнінің мұғалімі екен:
– Ақжамал Башаева мені алтыншы сыныптан бері қалада, облыста, республикада өтетін шараларға апарумен келеді. Ұстазыма алғысым шексіз. Ендігі мақсатым – осы өнерімді шыңдау үшін Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына оқысам деймін. Бұл менің көптен бергі арманым, – дейді жас әнші.