М.ЖҰРҚАБАЕВ, Лисаков қаласы әкімінің орынбасары: “Газет – тіл жетілдіруші құрал”

SAM_1677Ең алдымен, облысымыздағы баспасөздің қарашаңырағы – "Қостанай таңы" газетінің аудан, қалаларға келіп, халықтың алдына шығып, ойын, пікірін тыңдап жатқанын өз басым қолдаймын. Себебі, билік қалалардан бастап, алыс ауылдағы тұрғындардың тынысын біліп отыруы тиіс. Ал, өзіміз қызмет етіп отырған Лисаков қаласына келсек, мұнда рухани өміріміз жағынан тіл мәселесінің барын жасыра алмаймыз. Елбасымыз үш тұғырлы тіл саясатын барынша қолдай отырып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру жайын айтқан болатын. Қазір Лисаков қаласында қазақтардың үлесі 26 пайыз. Біздің қазақ тілін үйреніп, оның мәртебесін арттыратын бір құралымыз – ана тіліміздегі газетті оқу. Тағы бір ойым, оқырманды, әсіресе, жастарды үйіріп әкететін жаңашыл дүниелер жазылса, кейінгі буынның газет оқу арқылы тілге деген құрметі де артар еді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓