Мәдина Әбілқасымова: Несиелік жеңілдіктер жасалады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова тұтынушылық несие нарығында тәуекелдерді төмендету шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.20190312143231
«Кепілсіз тұтынушылық несиенің шамадан тыс өсуіне жол бермеу бойынша тапсырманы іске асыру үшін мынадай шаралар көзделеді: төтенше жағдай кезеңінде және тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша 90 күн өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады. Бұдан ары аталған шара заңнамалық негізде енгізіледі. Жеке тұлғалардың несие тарихын қалпына келтіру үшін 50 пайыздан астам мерзімі өткен берешекті 12 айда өтеген және міндеттемелерді кейіннен орындаған жағдайда қарыз алушы үшін жағымсыз несие тарихын түзету бойынша мүмкіндік көзделеді», – деді ол.
Мәдина Әбілқасымова сонымен қатар халық және бизнес үшін борыш өтемесінің өсуіне жол бермеу бағытындағы шараларды да айтып өтті. Оның айтуынша Қазақстанда төтенше жағдай енгізіліп, экономиканың жекелеген салаларына шектеу шараларының енгізілуіне байланысты халық пен ШОБ субъектілерінің қаржылық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдау қажет. Агенттік Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, екінші деңгейлі банктермен және несие нарығындағы басқа да субъектілермен бірлесіп, мынадай шараларды пысықтап, қолданбақ.
«Біріншіден ҚР Азаматтық кодексінің 359-бабына сәйкес несие бойынша міндеттемесін орындамаған қарыз алушы аса күрделі, яғни төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайларға тап болған кезде мүліктік жауапкершілікті атқармайды. Мұндай жағдайға төтенше жағдай режімінің енгізілуі де жатады. Соған байланысты жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен микронесиелері бойынша төлемдер мерзімінің өтуі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты туындаған кезде – айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмеуі тиіс. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға, банктер ғана емес ломбардтарды және несиелік серіктестіктерді, қарыз беретін барлық кредиторды қоса алғанда барлық микроқаржы ұйымдары берген қарыздарға қолданылады», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Төтенше жағдай кезінде төлемін кешіктірген қарыз алушыларға айыппұл есептелмейтінін айтқан еді.
«Төтенше жағдай кезінде несиесін төлей алмаған қарыз алушыларға айыппұл есептелмейді. Банктер кәсіпкерлерге төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін жасауы керек. Отандық бизнес бірдей шарттармен қосымша қаржылық жүктемесіз қолданыстағы бағдарламалардың жеңілдікті қолдау шараларын пайдаланады», – деді Үкімет басшысы. Оның атап өтуінше, ішкі сұраныс пен ұсынысты ұлғайтуда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың әлеуеті мол. «Осыған орай агроөнеркәсіп кешені саласында кредиттеудің жаңа тетігі енгізіледі. Ол агроөндірушілер үшін қаражат қолжетімділігін арттыруға бағытталады», – деді Асқар Мамин.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓