Сенбіліктер басталды

Бүгін облыс орталығының мемлекеттік мекемелері, коммуналдық қызметтері, Ішкі істер Департаменті  және де басқа күштік құрылымдардың қызметкерлері сенбілікке шықты. Шамамен 1200-ден астам адам қолдарына сыпырғыш, тырнауыш алып, қаланы қыстан қалған қоқыстан  тазалады.IMG_9227
Ағаштың қурап қалған  бұталары кесіліп, тұрмыстық қалдықтар мен кепкен ағаш жапырақтары жиналды. Жұмыс нәтижелі, қол қусырып тұрған адамдар болмауы үшін мекемелер басшылары алдын ала қажетті құрал жабдықтарды дайындап қойған болатын. IMG_9250Сондықтан сенбілікке шықандар бірден білек сыбана іске кірісіп кетті. Ал қалалық әкімдіктің диспетчерлік қызметіне 575-723, 109 нөмірлеріне хабарласып, автокөлікке тапсырыс бергендер қоқыс үйінділерін бірден машинаға тиеп, қала сыртындағы қоқыс полигонына шығартып жатты.IMG_9254
Барлық мемлекеттік мекемелерге тазалау аумақтары алдын ала белгіленіп, бекітілген еді. Мәселен А. Байтұрсынов көшесіндегі аллеяны қоқыстан тазарту қалалық әкімдік қызметкерлеріне, мәслихат мүшелеріне және қала әкімінің орынбасарларына бұйырды.
Қостанай қаласы әкімдігінің бас инспекторы Самат Жанділдиннің мәліметінше бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаспақ. IMG_9233Мамыр айындағы мерекелерге дейін облыс орталығын тазартып, абаттандыру мақсаты қойылып отыр.
 
Махаббат Бекбай
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓