Театр серуен алаңы емес

     І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры қостанайлықтардың жиі баратын орны. Мен де осы бір киелі өнер шаңырағына үнемі бас сұғамын.  Театрға спектакль көруге барған сайын көңілің жүдеп қайтатын бір жайтты жазбасқа амалым қалмады.b9b7af13-e275-4079-abc9-83216d756991
     Мысалы, дәл қойылым болатын күндері театрда жас жұбайлардың фотосессиясы жүріп жатады. Мұндай кезде қойылым көруге барған жұрт амалсыз сыртта немесе төменгі қабатта  қаңтарылып тұруға мәжбүр. Өйткені, әлгі жас жұбайлардың  серуені біткенше әрі қарай кіруге рұқсат жоқ. Тіпті, кірген күннің өзінде ұяттан өртеніп кете жаздайсың. Жастар бірін-бірі жаңа көргендей құшақтасып, сүйісіп тұрады. Қарауға дәтің шыдамайды. Естуімізше, театрдың ішінде осындай фотосессия жасаудың жарты сағаттық құны 5 мың теңге көрінеді (Бұл қаржы театр кассасына төленіп жатыр ма, әлде басқа біреудің қалтасына түсе ме, ол жағы арнайы тексеруді қажет етеді). Соған бола театр өнеріне қол соғуға келген қарақұрым халықты қаңтарып қоюға бола ма?! ded8a71c-2c6b-4f7a-9b14-9cac688e1fdd
        Әдетте спектакльдер демалыс күндері болады. Қас қылғандай бейсенбі, жұма, сенбі күндері киелі шаңыраққа барғандар осындай «тойдың» үстінен тап түседі. Осыған бір тоқтау бар ма? Қостанайда жастар қыдыратын орындар толып жатыр. Жаңадан неке сарайы ашылды. Көрікті жерлері қаншама. Онда емін-еркін қыдыруға да, суретке түсуге де қолайлы емес пе. Театр – өнер шаңырағы. Оны бір сәттік қызыққа айналдыруға қарсымыз.fc15e4a1-42e5-4aae-aab0-2c5056a818cd
        Жақында «Кейкі батыр», «Қызыл алма» атты спектакльдер болды. Халық көп жиналды. Міне, мына суреттерді сол кезде жасырын түсіріп алдық.  Шыдамымыз таусылды. Бұған төзе беруге мықты жүйке керек шығар!
                                                                                   
Зейнеп Шегебайқызы, зейнеткер
                                                                                    қала тұрғыны

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓