Кубик-рубикті жылдам құрайтын шәкірттер

Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылының мұғалімі Сырлыбек Нұржан шәкірттерін кубик-рубик құрауға үйретіп жүр. Бұл бастамаға мектеп оқушыларының дені қызығушылық білдірген.
Жас маман оқушылардың назарын аударып, оқуға деген ынталарын арттырудың бір жолы ойын деп біледі. Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін дамытуға болады. Сондай-ақ шәкірттердің жүрегіне жол тауып, сабақты да түсіндіре аласыз.кубик рубик
-Қазір балаларды таң қалдыру қиын. Оқуға деген ынтасын ояту оңай емес. Баланың көңілін аулап, өзіңе тарту үшін бір қызық жасау керек болды. Сондықтан оларды кубик-рубик құрауға шақырдым. Кубик-рубикті жинаудың құпиясын өз басым бір жеті бойы зерттедім. Әбден меңгеріп, идея пісіп жетілгенде оқушыларыма көрсеттім. Олар бірден іліп әкетті,-деді жас маман.
Сырлыбек Нұржан аталған ауылдағы Красный октябрь мектебінде математика пәнінен сабақ береді. Күн сайын арнайы уақыт бөліп балалармен кездеседі. Оқушыларға кубик-рубик 3х3-ті алты жүріс арқылы құрауға болатынын түсіндіреді. Балалар ұстаздың айтқанын сол мезетте қағып алып, тіпті бір-бірімен жарысып та жатады екен. Әзірге жас маманның екі шәкірті көш бастап тұр. Олар 5 сынып оқушысы  Карина Жанаева және 6 сынып оқушысы Қазипа Қабдуллина. Қазипа кубик-рубикті 1 минуттың ішінде құрап береді. Ал Жанайымның көрсеткіші-3 минут.рубик
-Осы ойынның арқасында балалар менімен жақын дос болып алды. Сабақтан шыға сала маған келіп білмегендерін сұрайды. Алдағы уақытта оқушыларымның жылдамдығын арттырғым келеді,-деді Сырлыбек Нұржан.
Шетелдік ғалымдар кубик-рубикті құраудың 20 миллиардқа жуық жүрісін анықтаған. Төрт бұрышты ойыншықтың әр бүйіріне бірдей түстерді жинау үшін математика сабағындағы формулалар көмектеседі екен. Ең бастысы формулаларды дұрыс пайдалана білу керек.
Ауыл мұғалімі баулыған қос шәкірттің видеосын мына сілтемеден 

көре аласыздар.
Қымбат ДОСЖАНОВА

 

You may also like...

1 Response

  1. Айкерім айтты:

    Қызық екен. Кубик-рубик құрау үшін математик болу керек шығар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓