Мерекелік медалдар тапсырылды

Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Ақан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Елбасы Жарлығымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып шығарылған мерекелік медалдарды табыс етті.DSCF9284
Мұндай құрметке алғашқы лекте қаладағы 6 соғыс ардагері Тамара Пуцыкина, Мұратқали Камалұлы, Феодор Романенко, Федко Яков, Владимир Бушуев, Тоқай Әбжановтар ие болды. Ардагерлерге мерекелік медалдармен қоса тұрмыстық техникалар тарту етілді.
Мұнан өзге қала аймағында 290 тыл ардагері тұрады. Таяу күндерде мерекелік медалдар оларға да салтанатты түрде тапсырылады деп күтілуде.
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓