Пойыз астына түсті

pod-poezd-popali-chetyre-podrostka-v-samareЖан түршігерлік оқиға 12 сәуір күні Таран ауданындағы Тобыл станциясында болды.
Тобыл – Астана бағытымен жүйткіп келе жатқан жүк тасымалдаушы пойыздың экипажы темір жол  рельсінде адамның жатқанын көреді. Дереу қозғалысты тежей бастайды. Бірақ үлгірмей қалып, адамды басым өткен. Оқиға орнындағы тексеру нәтижесінде рельске басын тіккен 33 жасар адам екендігі анықталды.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Вадим Усачев атты ер адам осылайша өз-өзіне қол жұмсап, өмірден кеткісі келген. Мойыны  қиылып түсіп, көп қан жоғалтуынан сол жерде көз жұмған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓