Меморандумға қол қойылды
Облыста. Ақпан айында еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен фармацевтикалық фирмалар арасында дәрі-дәрмек бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қойылған болатын. Осыған орай, Қостанай облысында да 123 дәріханамен меморандум жасалды. Енді өңірде дәрі-дәрмек бағаларына, соның ішінде меморандумға кіретін 200 дәрі-дәрмектің бағасына ай сайын мониторинг жүргізіліп отырады.