Қарт жауынгерлерге жеңіл автокөлік мінгізсе

Айтайын дегенім ол біреудің көкейіне қонар, біреуге қонбас. Дегенмен үндемей қала беруіме ішкі түйсігім дес бермеді. Жеңістің 70 жылдығы ғана емес, жылда елбасымыз бен Үкіметіміз, халқымыз бен өскелең ұрпағымыз бізді, соғыс ардагерлерін, жесірлері мен мүгедектерін және тыл еңбеккерлерін дәріптеп, бағалап, аялап, қолдан келген мүмкіндік жағдайларды жасап жатады. Оған біз, мен өз басым дән ризамын. Биыл жүз мыңдаған соммалардағы ақшалай жәрдем ақылар бөлініп, «Жеңістің 70 жылдығы» медалдарыменде марапатталғалы жатырмыз. Veteran

Енді менің айтатынымды жоғарыдағылар естиді ме жоқ па, оны уақыт көрсетер. Осы біздің Ұлы мерекемізге қарсы анау облыста, мынау облыста басшылары санаулы ғана қалған ардагерлеріне көлік мінгізіпті дегенді көріп, естіп те жатырмыз. Осы жағы қалай болар екен? Егер аймақ басшылығы осындай игілі іс шараны шешіп, Қостанай облысындағы жаппай көзі тірі қарт жауынгерлерге жеңіл автокөлік мінгізсе нұр үстіне нұр болар еді – деген ойым ғой. Онда бала – шаға, немерелерімізбен арқа-жарқа қуанышып, бізде ауыз ашып отыра бермей, көптен кіріп шығатын, әуелден армандап жүрген қайтқан майдандас достарымыздың басына – көзіміз жұмылғанша жыл он екі ай бойы өз бетімізбен барып тағзым етіп тұруымызға мүмкіндік алар едік. Қазір автобус, поезд жағалап жүрер денсаулық қалған жоқ. Темір тұлпар мінсек, ешкімге жалынбай есік алдынан ешқайда ұзамай мәшинеге отырып барар жерге зуылдап барып келетін жағдай туар еді. Мүмкін оныңда күні алыс емес шығар. Қариясын ардақтаған, сәйгүлігін сан баптаған қазақ елі емес пе едік.

Бахытжан Бинеев ҰОС ардагері. Лисаков қаласынан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓