Біздің үйде суық су жоқ

IMG_0931Бүгін сағат 11.00 шамасында Қайырбеков көшесіндегі бір қатар үйлердің тұрғындары ауыз сусыз қалды. Ауламыздың алдын қазып тастаған. «Қостанай су» кәсіпорнының қызметкерлері  құбыр жарылған дейді. Суды енді  екі сағаттан кейін береміз деп айтып еді, бірақ әлі де су  жоқ.IMG_0930
Осындай жөндеу жұмыстарынан кейін коммуналдық қызметтер қазылған орды дұрыс жаппай кетеді. Балаларымыз түсіп кетеді ма деп қорқамыз. Қыста осылай құбыр жарылып, ауланы мұз басқан еді.  Оның зардабын  күн  жылығанда шегіп отырмыз.IMG_0932
Қаланың коммуналдық мекемелері қайда қарап отыр? Жеке пәтер иелері кооперативтері неге аулаларды жөндеуді қолға алмайды? Енді жаз бойы суды бір сөндіріп, бір қосады ғой.
 
Зәуреш Ғалымқызы
Қостанай қаласы 

You may also like...

1 Response

  1. Жылына бәлен жөндейді ғой осы құбырларды.Желге шашылған қайран ақша. Неше рет дұрыстаса да бәрбір бұзыла береді. 

     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓