“Құда болайық! Бізде – ұл, сізде – қыз бар…”
Ұлын ұяға, қызын қияға қондыруды қаламайтын ата-ана жоқ шығар, сірә. Өйткені, мынау жалғанда баланың бақытынан артық ештеңе жоқ. Бүгінде талай ата-ана балаларын үйлендіріп, құтты орындарына қондырып, немере-шөбере сүюді армандап жүр. Сондай жандардың бірі дүйсенбі күні біздің редакциямызға арнайы келген еді. Аты-жөнін газетке жарияламауды сұраған бейтаныс ағай кіші ұлына қыз іздейді. «Қызық екен» демеңіз. Бұл – шындық. Ағайдың өзі де аяулы жары да зейнеткер. Қазіргі күні Қостанай ауданының Заречный ауылында тұрады. Жеті бала сүйген ерлі-зайыптылар төрт қызын әлдеқашан тұрмысқа берген. Ата-ананың ендігі арманы шаңыраққа ие болып қалатын кіші ұлын үйлендіру. Сүр бойдақ биыл 37 жасқа толды. Бүгінде Астана қаласында құрылысшы болып жұмыс істеп жатыр. Шебер жігіттің қолы алтын деседі. Бастаған ісін соңына дейін жеткізетін еңбекқор. Жігіттің мінезі тұйық, тәртібі жақсы, оғаш қылығы жоқ. Көп сөйлемейді, аздап ұялшақтау. Руы – Орта жүздегі бес таңбалы Қыпшақтан тарайтын Қарабалық Қыпшақ.
-Әр нәрсенің түбінде бір себепшісі болады. Облысымызға кеңінен тарайтын «Қостанай таңы» арқылы ұлыма жар, өзіме құда іздеймін. Осы мақаланы оқыған адамдар болса, ұялы телефоныма немесе үйдегі телефонға хабарласуын сұраймын. Сөйлесейік, керек болып жатса кездесейік, көзайым болайық,-деді жігіттің әкесі.
Қазақ құдасын құдайындай сыйлаған халық қой. Бізге дейінгілер «Күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық» деген тәмсілді тегін айтып қалдырмаса керек. Біздің кейіпкеріміз болашақ құдаларымен телефон арқылы сөйлесіп, танысуға кез келген уақытта әзір. Әкесі таңдаған қызға үйленуге жігіт те дайын көрінеді. Біз де екі жастың бақыт тойы тойлансын деп тілейміз.
Кейіпкеріміздің ұлының болашағына алаңдауы заңдылық. Өйткені, баласына бір той жасап бере алмай, бұл өмірден өтіп кетті қанша адам.
Ал, құрметті оқырмандар! Көлемі шағын, айтар ойы тереңде жатқан осы мақаланы оқысаңыздар, жүрген жерлеріңізде айтып, насихаттай жүріңіздер. Кейіпкеріміздің өзімен сөйлесемін десеңіздер, мына телефондарға: 8775-266-02-12 немесе 8(71455) 62-1-17 хабарласуға болады. Бізде ұл, сізде қыз бар дегендей… Жақсы іске дәнекер болайық.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Жігіттің фотосы жоқ па?
Мақала соңында жазылған телефон нөміріне қоңырау шалу мүмкіндігі ғана бар. Өйткені, жігітіміз өз суретін жалпақ жұртқа жарияламауды жөн көрді.