Бірінші жеңіс
Облыста. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен республикалық пікірталас сайысына Қостанай академиясының «Тәртіп және заң», "Свобода слова", "Две звезды" командалары алғаш рет қатысып, адамның құқығы бойынша өзекті мәселелерді тиімді жолдармен талқылауда өздерінің білімдерін, шешендік шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде пікірсайысшы тыңдаушылар ойында көрсеткен белсенділіктері үшін алғыс хаттармен марапатталды. Ал "Тәртіп және заң" командасы ойынға төрелік жасаған төрешілердің тарапынан оң бағаға ие болып, "Жыл жаңғырығы сілкінісі» номинациясын иеленді.