Жас футболшылар шықты алаңға

football-e1399988678748-1038x576

Ұзынкөл ауданы. Аудандағы спорт мектебінің спорт залында мектеп оқушылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Турнирге 7 команда қатысты. Жас футболшылар жеңімпаз болу үшін тайталаса сынға түсті. Әсіресе бәсеке «Балалар-жастар спорт мектебі»-1» мен «Сокол» командалары арасында болды. Нәтижесінде спорт мектебінің футболшылары  «Соколдардың» қақпасына артық бір доп салып, жеңімпаз атанды. Екніші орынды  соколдықтар,  үшінші орынды «Суворовское-2» командасы жеңіп алды. «Үздік қақпашы»- Б. Литвинов, «Үздік қорғаушы»-А. Абай., «Үздік ойыншы»- Д. Котлячков атанды. Жеңімпаздар марапатқа ие болды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓