Рудныйда әйелдің мәйіті табылды
24 тамыз күні Рудный қаласы Полиция бөлімінің «102» пультіне Комсомольский даңғылындағы 36-үй маңында әйел денесі табылғаны жайлы хабарлама түкен. Болжам бойынша, 43 жастағы әйел тұрғын үйдің 4-қабатындағы балконнан секіріп кеткен болуы мүмкін. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Еркебұлан Әлім