Өнімі сұранысқа ие
Қостанай ауданы Затабол кентінде «Фиш Сервис» балық өңдеу кәсіпорыны қостанайлықтарға жақсы танымал. Оның жетекшісі А.Сафин өз кәсібін 2003 жылы ашқан болатын. Алғашқыда балық және балық өнімдерін шет елдерден тасыды. Бүгінде кәсіпорын теңіз балықтарын тұздап қақтаумен айналысады. Мұның бәріне кәсіпкер өз ақшасын ғана жұмсады. Шағын өндіріс орыны жаңа қойма салып алды. Аудан орталығынан дүкен ашты. Онда балық өнімдері көтерме және бөлшек саудамен сатылады.