Күлкіге кенелткен «Жайдарлы Жас Ұлан»
Бүгін облыс орталығындағы «Балалар шығармашылығы» үйінде «Жайдарлы Жас Ұлан» ойынының облыстық кезеңінің жартылай финалы болып өтті.
Аталмыш күлкі кешіне бұған дейінгі іріктеу ойындарынан іркілмей өтіп, өз өнерлерімен танылған балабақша мен мектептердің құрама топтары қатысты. Арысы Арқалық берісі Рудныйдан келген жеткіншектердің ойындары өте тартысты болды. Өздерінің бар өнерлерін ортаға салған ойынға 10 команды қатысып, оның бесеуі ақтық мәреге жолдама алды. Әзілдері арқылы әлеуметтік, саяси, жастар мәселелерін жеткізген топтар көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Әсіресе, Қостанайдағы №9 орта мектептің «Бұзық аудан» деп аталатын тобы әзілдерін жиналған қауымға ерекше әдемі түрде жеткізе білді.
Мешіт Ғазиз
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков