«Алтын алқаның» пайдасы қандай?
Құрметті «Қостанай таңы» газетінің ұжымы және оқырман қауым! Мен Байдәулетова Гүлжауһар Оралқызы жеті баланың анасы, алтын алқа иегерімін. Газеттің тұрақты оқырманымын. Бүгін міне өз отбасымның проблемасымен бөлісейін деп едім.
Ауылда мал ұстау қиындап, жұмыстың реті келмеген соң Ұзынкөл ауданынан Қостанай қаласына көшіп келген едік. Сол кезде КСК шағын ауданындағы жатақханалардың бірінен 18 шаршы метрлік бөлмені жалдап тұрдық. Міне содан бері он бір жыл болды.
2005 жылы көп балалы отбасы ретінде баспана кезегіне тұрған едік. Бірақ әлі күнге дейін оң өзгеріс жоқ. 2013 жылы «Алтын алқа» иегері атандым.
Қазір үш қызым тұрмыс құрып, бөлек тұрады. Төрт бала мен отағасы екеуміз жатақхананың бір айналым бөлмесінде тұрып жатырмыз. Соңғы рет, 01 сәуірде әкімдікке жолығып, кезек санын сұрағанымда 340 орында болдық. Он жыл ішінде кезек 300 адамға ғана ілгері жылжыған.
Облыстық прокуратураға да хат жаздық. Бәрінің айтаныны пәтерді кезегіңіз келгенде аласыз дейді. Менің сұрайын дегенім, «Алтын алқа» деген зор атақтан не пайда? Балаларым менің бақытым, оларды туып ешкімге міндет жүктемеймін. Бірақ мемлекет тарапынан көп балалы отбасыларға көрсетілетін көмек аз. Мысалға, көрші елде бала туғаны үшін отбасыларға қомақты ақша төленіп жатады.
Ал бізде төленетін бір жолғы жәрдемақының көлемі, шыны керек, баланың төсеніштерінен де артылмайды.
Тәуелсіз Қазақстанның халқын көбейтіп, бала туып жатқан аналарға материалдық жағынан ауыз толтырып айтарлықтай көмек көрсетілсе деймін. Мен сияқты алтын алқа иеленген аналар көп емес шығар, соларға алқа тағумен шектелмей құрмет көрсетіліп, әлеуметтік жағынан қолдау көрсетілсе дұрыс болар еді.
***
Шыныменде каншама алтын алка иегерлери жур. Оларга мемлекеттен еш камкорлык жоктыгы окиништи.
Кеше ғана "Алаш айнасынан" көрші елдегі аналарға көрсетіліп жатқан жеңілдік жайындағы мақаланы оқыған едім. Оқып отырсаң, екі жақтың жағдайы жер мен көктей. Бізде неге соншама сорлап қалды екен? Не, көмегін бермейді, не үй бермейді, өзі салып алайын десе жер бермейді… масқара болдық қой?!
Мұндай кісілер көп. Меніңше, Үкімет пәтерді ең бірінші көп балалы аналарға беруі керек. Және тегін бергені жөн. Қазақтың саны сөйтсе ғана көбейеді.
Егер менің қолымда болса, саланып жатқан үйлердің біразын қазақтың осындай отбасыларына бергізер едім. Орыстар баяғыда қос-қостан үй алып алған. Тентіреп жүрген біздің қазақ қана.
"Алтын алқаның" түк те пайдасы жоқ. Баспанасыз безіп жүрген көп балалы отбасылар біздің облыста толып жатыр. Сіз қайта бақытты екенсіз. Тұрғын үйдің кезегіне тұрып алыпсыз. Ал біз сол кезекке іліге алмай жүрміз. ХҚКО-ға барсақ, "ТОО-да жұмыс істейді екенсіз сізді кезекке тұрғыза алмаймыз" дейді. Басыңда бір бөлмелі баспана болмаған соң бір баланы өсірудің өзі мұң. Көрші Ресейді қараңыздаршы, көп балалы отбасыға жағдай жасайды, көмектеседі. Ал біздің елде бәрі арман. Кеңес үкіметі кезінде қандай еді? Көп балалы аналарға үй беріп, коммуналдық төлемдеріне жеңілдік жасаушы еді. Ех, айтып айтпай не керек, біздің "Алтын алқа" "алтын" болмай тұр.
"Алтын алқаның" қадірін қазақ билігі түсінсе, қазақтың саны соңғы 5 жылда 30 млн.-нан асып кетер еді. Әттең, әттең, әттең-ай!..
Қазақ билігі: Біз мұны істемейміз. Шетелге ішіп-жеп қашып кетеміз. Бәрі де сөйтеді. Толып жатқан үбір-шүбірді тасу қиынға соғады.
"Алтын Алқа" алған Қазақ Анасы: Балам, ұлым-қызым, ертең отбасы құрмай тұрып, қызметіңді ойла. Жақсы жұмысқа тұр. Топырлатып бала таппа. Басыңа сор.
Бұдан кейін ештеңе ойлаудың қажеті жоқ. Нервыңды жұқартып қайтесің?!
Жәрдемақының өзін тағайындау үшін уйдегі жалғыз сиыр да саналады-мыс,Бір сиырдың сүтімен 7 баланы бағуға болады деп есептеп кетті біздің әкімшіліктегі "халық жанашырлары",
Алтын алқа алған аналарға көмек керек