Аулаларда бейнебақылау орнатылды
Лисаков қаласындағы ықшам аудандар ауласына бейне бақылау камераларын орнату туралы идеяны негізінен жергілікті прокуратура мен ішкі істер бөлімі көтерген болатын. Олар, жекеменшік үй – жай кооперативтері төрағаларының басын қосып, осындай ұсынысты былтыр жасаған еді. Десекте оған мүмкіндіктер қажет және басты сұрақ қаражат. Алайда 5 пен 7-ші ықшам ауданының кооперативі алғашқы болып тығырықтан шығар жол тапты. Осы күні аулаларға үш бейне камерасын орнатқан. Біріншіден ол қылмыстар мен құқықбұзушылықтарға жол бермеуге және оның алдын алуға септігін тигізеді. Мәселен қоқыс көлігін күтпей, тұрмыстық қалдықтарды дорбалап аулаға лақтырып кететін тұрғындар бірден камераға түсіп қалатын болады. Бейне бақылау камералары ықшам ауданның үш жеріне орналастырылған. Оның тұрғындар үшін қай аулаға қойылғаны белгісіз. Құқық бұзушы тұлға бірден камераға түсіп қалады.
Аталмыш шағын аудандар кооперативінің төрағасы Евгений Горбенко тұрғындарды енді ұқыпты болуға шақырады. Бақылау камерасы барлығын таспаға түсіріп алып, кінәлі тұрғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді. Заң бойынша қоқыс лақтырғаны үшін айып пұл 10 айлық есептік көрсеткішке дейін. Яғни 10 мың теңге көлемінде. Немесе он күн әкімшілік қамауға алынады.
Бейне камерасын КСП-ның дипетчері бақылап отырады, ол – айналасын түгел қамтиды және 60 – 70 метр қашықтыққа дейін таза түсіреді екен. Бейне таспа жиі құқық бұзылатын аумақтарға орналастырылған. Тұрғындар болса бейне бақылау камераларының жасырын орнатылғанын жөн көріп отыр. Өйткені қалада тәртіп болғанын қалайды. Бейне камералар КСП-ның өз қаражат қоры есебінен алдырылған. Қазіргі таңда үшеуі орнатылды. Алдағы уақытта тағы үшеуін қойдыру жоспарлануда.
Дархан Аяпбергенов
Лисаков қаласынан