Басқарма басшысы ауысты
Қостанай облысы білім басқармасының басшысы ауысты. Бұл туралы өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Тамыз кеңесінде хабарлады. Бұған дейін аталмыш саланы басқарған Бәтима Даумованы облыс әкімі құттықтап, сіңірген еңбегі үшін кеудесіне "Білім саласының ардагері" төсбелгісін тақты. Қостанайлықтар оған тік тұрып қошемет білдірді.Даумова Бәтима – еңбек жолын физика-математика мұғалімі болып бастаған, кейін Әулиекөл ауданындағы орта мектеп директоры болды. Ол Қостанайдың білім саласын жаңа деңгейге көтерді. Көп жыл бойы Қостанай облысы бойынша білім беруді бақылау басқармасын басқарды, содан соң Қостанай облысы білім басқармасы басшысы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, Білім министрлігінің дипломымен (1995), "Қазақстан Республикасының білім берудегі үздігі" (1997) және «Ерен еңбегі үшін», "Шапағат" (2005), "Астананың 10 жылдығы" (2008), "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен (2008), "Қазақстан Республиксының Тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011) медальдарымен марапатталған. 2011 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (Ресей Федерациясы). Құсайын Қаткенов Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.