Бизнес бәсекеге бағынышты

Ресей рублі құнсызданғалы көрші елден көлік тасып, мәз бол-ған қазақстандықтардың қуанышы ұзаққа созылмайтын сыңайлы. Бұлай дейтініміз, жақын арада жеке тұлғаларға да бұрын қолданыста болған көліктерді елге енгізуге тыйым салынуы ықтимал. Мұндай ақпаратты ҚР Инвестиция және даму министрлігінің көлік жасау басқармасының жетекшісі Серік Рахымов таратып отыр. Билік өкілінің уәжіне құлақ асар болсақ, мұндай қадам елді ескі-құсқыдан арылту үшін жасалуда. "Кедендік Одақ аясындағы елдерден тасылып жатқан темір тұлпарлардың басым бөлігі Еуро-4 стандартына жатпайды. Тек, ресми диллерлер ғана ҚР заңдарын сақтап, жаңа көліктерді енгізіп жатыр. Салық төлеп, мемлекетіміздің мүмкіндігін кеңейтуде", – дейді ол.
Кедендік Одақ – қазақстандықтарға көліктерін жаңартпаса да, жылын жасартатындай мүмкіндік берген еді. Сондықтан да, шенеуніктердің шектеуін қарапайым халық үшін жағымды жаңалық деп айта алмайсыз. Ал  көлік құрастырып, қалтасын қампайтып жатқандарға үлкен мүмкіндік берілері анық.1 TRASLADOS UNIVERSALES
Өзіміздің өніміміз қолжетімді болса, өзгенің қалдығына көз алартып қайтпекпіз?! Сырттан көлік тасып, темір тұлпарды тіз-гіндегендердің айтар әңгімесі осы. Расында да, Қазақстанда кө-лік құрастыратын бірнеше зауыт бар. Бір Қостанайдың өзінде ғана Сан-Йонг, Пежо, талайды тамсандырған Тойота іспетті жеңіл көліктердің түр-түрі құрастырылады. "АгромашХолдинг" АҚ 2014 жылдың өзінде ғана, 8,5 мың темір тұлпар шығарды. Үстіміз-дегі жылы өнім мөлшері 20 мыңға жеткізілуі тиіс еді. Десек те, рубль бағасының құнсыздануы мен Кедендік одақтың күшіне мінуі – кө-лік құрастырушыларды тығырыққа тіреді. Қазақстандықтар отандық су жаңа өнімді алмай, Ресейде шығарылған темір тұлпарларға қырғидай тиді. Ал жаңасына күші жетпегендері қолданыстағы көліктерге жайғасты. Осылайша, Тобыл өңіріндегі өндірушілер тұтынушыларынан әп-сәтте қағылды да қалды.
Үстіміздегі жылдың қаңтар, ақпан айларында Қазақстанға көрші елден 50 мыңға жуық көлік енгізілген. Құзырлы мекеме өкілдері келтірген ақпаратқа жүгінер болсақ, олардың дені еліміздің экологиялық талабына сай емес. Мұның есесіне, олардың бағасы отандық өнімнен екі есе арзан. Қарапайым ғана мысал, Қостанайда құрастырылатын Toyota Fortuner көлігі бізде 44 500 АҚШ долларынан сатылуда. Ал көліктің дәл осы түрі Ресейде 35 000 АҚШ долларына саудаланады. Көпшіліктің қолы жете бермейтін Пежо 301 көлігі бізде 12 500 болса,  Ресейде – 8 000 АҚШ долларынан алуға болады. Қазақстанда көліктің анағұрлым қымбат екенін ресейліктер де жақсы біліп алған. Көпшілікке кеңінен танымал "Kolesa.kz" порталына кірсеңіз, көрші елдің пысықтарының өз көліктерін қазақстандықтарға тиімді бағамен "тықпалап" жатқанын аңғару қиын емес.  Солардың тұсында тұрған Қазақстанда шығарылған көлік құнының шектен шыққанын да еріксіз көзіңіз шалады.
Қанша жерден "патриот" болса да, "әкесінің құнындай" бағамен сатылып жатқан  отандық өнімді алғанша, орыстың ескісін саудалаған әркім үшін пайдалы. Отандастарымызды өзіміздің өнімге қайта бұрудың басты амалы – тауардың сапасын жақсартып, бағасын тезге салу. Мұндай жағдайда, көршіміздің ескісіне ешбіріміздің де көз қырымызды салмасымыз анық.884815
Жұмыр жерді жайлаған қаржы дағдарысы  мен  көрші елге салынған  экономикалық санкцияның салдарынан тұралап қалған отандық автоөндірісті дамыту мақсатында, мемлекет тарапынан қомақты күш салынуда. Атап айтар болсақ, қазақстандық көлікке жайғасқысы келгендерге 3-5 жылға 4 пайыздан несие беру қарастырылған. Бұл үшін  бюджеттен 20 млрд. теңге бөлінбек. Мұндай мүмкіндіктің Кедендік одақ аясындағы елдер арасында тек Қазақстанда ғана беріліп отырғанын айта кеткен жөн. Қаржылық қыспаққа алынған Ресейдің өзінде автокөлік жасайтын зауыттар өнімдерін қысқартып, бірінен соң бірі жабылып жатыр.  Мысалы, көрші елдің Калуга облысындағы  Peugeot және Citroen көліктерін құрастыратын зауыт өз жұмысын жазға дейін тоқтатуды жөн көріпті. Осының салдарынан, жүзден астам жұмысшы қызметінен қағылмақ. Мекемеде тек  Mitsubishi көлігі ғана құрастырылатын болады. "ПСМА Рус" концерні өз өнімдері бағасын төмендетуді жоспарлап отырған көрі-неді. Ресейдің өзге де кәсіпорындары  көлік бағасын төмендету арқылы тұтынушылар қатарын қалыңдатуды жоспарға алған. Қазақстандық кәсіпорындарға да сынықты сылтау қылғанша, осындай әдіске көңіл аударғаны абзал.
 
Жұматай   Кәкімжанов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓