Құтыдағы “у”
Газдалған сусынның денсаулыққа зияны туралы бұған дейін де талай айтылған болатын. Газды сусын тұтынған адамдар мен темекі тартатын адамдардың өмірінің ұзақтығы бірдей деген болжам бар. Өйткені газды су тек қана ағза клеткаларын қартайтып қоймай, сонымен қатар жүрек ауруларына, қатерлі ісікке, диабетке шалдықтырады. Сондықтан газдалған сусындарды тұтынбай, оның орнына қарапайым қара су ішкендеріңіз абзал. Себебі оның денсаулыққа пайдасы мол.