«Дастарқанның» қонағы

Дәмді котлет
Қажет заттар:
Бір банка «майдағы сардины» консервісі
3 картоп,
2 пияз,
2 жұмыртқа,
3-4 ас қасық ұн,
Қара бұрыш, ас тұзы
Дайындалуы: Майлы балықты езіп, оған жуаны ұсақтап турап, картопты үккіштен өткізіп салып, жұмыртқамен араластырамыз да ұн саламыз. Қосымша тұз, бұрыш салуды да ұмытпаңыз. Қою құймақ тәрізді болуы қажет. Табадағы қызып тұрған майға екі жағын кезектеп пісіресіз. Гарнирді өз қалауыңызға орай әзірлеуге болады.

Өте дәмді. Пісіріп, жақындарыңызды қуантыңыз.