Ел чемпионатында топ жарды

Еркін күрестен Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатынан жерлесіміз Заманбек Хамитов олжамен оралды.zoloto_borba Еліміздің түкпір-түкпірінен сайдың тасындай жігіттерді жинаған жарыста Қостанай облысының намысын 15 спортшы қорғады. Заманбектің салмақ дәрежесінде 50-ге тарта балуан оған мықты қарсылас бола алды. Алайда үздік атану Рудныйлық жігітке бұйырды. Заманбекті алғаш рет әкесі күрес залына әкелгенде небары 6 жаста болатын. Жас жігіт еркін күреске бел шеше кірісіп, қайтпас еңбектің арқасында көптеген жарыстарда топ жарды.
– Бірінші айналымда Атыраудың, екінші айналымда Павлодардың балуанымен жекпе-жекке шықтым. Одан кейін Қарағанды, Орал, Астананың спортшыларымен иық тірестіріп, барлығын жеңіп шықтым. Маған ең мықты қарсылас 7/5 есебімен ұтылған Оралдың жігіті бола алды, – дейді Заманбек.
Республикалық чемпионаттағы бас жүлде Заманбектің алдына жаңа мүмкіндіктерді ашты. Маусым айында спортшы Үндістанда өтетін Азия чемпионатына аттанып, сонда ел намысын қорғамақ.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓